You are here

Есірткісіз – болашақ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары М.Демеуовтің төрағалығымен өткізілген «Көкнәр-2017» профилактикалық іс-шарасы жүзеге асыруда құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселесі тақырыбындағы кеңейтілген отырысқа Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов қатысты.

 Отырыс «Есірткісіз - болашақ» біріккен жобасы аясында облыстық прокуратура, ІІД және облыстық әкімдіктің бастамасымен өңірімізде «Дельта-Сырдария» құрылымының ашылуына ұйымдастырылған.

 Жобаның мақсаты мемлекеттік органдардың жұмысын есірткі алқабын, притон мен өткізу каналдарын анықтау, ойын-сауық және оқу  орындарында есірткіні пайдаланудың алдын алу, алдыңғы сатыда есірткі пайдаланушыларды анықтау, есірткі өсімдіктерін өсіретін жер иелерінің жауапкершілігін күшейту болып табылады.

Осы бағыттар атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық ІІД басшысы К.Мұхитов және облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов айтып өтті.

 Өз кезегінде облыс прокуроры ІІМ басшылығына қолдау көрсеткендері  үшін алғысын білдіріп, құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Дельта-Сырдария» құрылымымен облыстағы есірткі қылмысын алдын алу және жолын кесу бойынша міндеттерін тиімді жүзеге асырады деп сендірді.

Өңірдегі нашақорлық пен есірткі бизнесінің өзекті мәселе екенін есепке алған Х.Дәуешов осы бағыттағы күресте барлық мемлекеттік органдар қазіргі заманғы техникалық құралдарды белсенді түрде қолдануды ұсынды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.