Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл сұрақтары талқыланды | Қызылорда облысының прокуратурасы

You are here

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл сұрақтары талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында уәкілетті органдармен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігіне және нашақорлықты алдын алуда атқарылған жұмыстарға қатысты сұрақтар қаралды.

Есірткі плантациялары мәселесін талқылау барысында оның 2012 жылға қарағанда 4 есеге (15-тен 84-ке) артқаны атап өтілді. Тек, 2017 жылдың өзінде облыс аумағында 72 мың түп немесе 50 тонна сора өсімдігі анықталған.    

Отырыста есірткі заттарының жеке түрлерінің айналымына, ал оның ішінде «үнді сорасына» ерекше назар аударылды. Себебі Қызылорда облысының табиғаттық-климаттық жағдайы аталған өсімдіктің өсуіне өте қолайлы.

Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, аталған сораның белсенді компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері жабайы өсетін Шу алқабының сорасы құрамынан 5 есе артық. Бұл өнімге сұраныстың жоғары болу себебі де осыдан.

Отырыста облыстық прокуратурамен аталған мәселе бойынша анықталған бірқатар жүйелі мәселелер тыңдалды.

Атап айтқанда, Республикалық ЖҚТБ орталығының есебіне сәйкес, аймақта шамамен 3,5 мың героин қолданатын азаматтар бар және олардың саны жыл сайын 200 адамға көбеюде. Орташа есеппен аталған адамдар санының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жылына 40 кг. героин қажет екен. Десе де, 2015-2017 жылдар аралығында айналымнан аталған заттың тек 69 гр. ғана алынған.

Осыған байланысты облыс прокуроры Х.Дәуешов уәкілетті органдарға есірткі бизнесі, есірткіні сату мен контрабанда саласындағы, оларды ұйымдастырушылар мен белсенді тасымалдаушыларды анықтауда қылмыстық топтардың жолын кесуде жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Құқық қорғау органдарының басшыларына бағынысты адамдардың қызметін бақылауды күшейтіп, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және қылмыстық элементтермен біріктіру ұсынылды.

Талдау және прокурорлық ықпал ету актілерін қарау нәтижесімен 16 полиция қызметкері мен ауылдық округ әкімдері тәртіптік жазаға тартылды, оның ішінде 2-і атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Мемлекетке өз мақсатында пайдаланылмаған жалпы көлемі 44,2 га құрайтын 11 жер қайтарылды. 

Кездесу соңында Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеуге және азаматтарды есірткіге тәуелді адамдар санына тартудың жаңа фактілерін болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.