You are here

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді - 194903367

25 шілде 2017 жылы алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа отырысына барлық қала, аудан және табиғат қорғау прокурорлары, облыстық прокуратура аппаратының жеке құрамы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің облыс бойынша басқармасының басшылық құрамы қатысты. Қалалық және аудандық прокуратураның қызметкерлері аталған мәжіліске бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік алды.

Алқа мәжілісінде баяндамашы ретінде сөз сөйлегендер облыс прокурорының орынбасары Ж.Еламанов пен Басқарма бастығы Е.Қожановтар алдағы басты мақсаттар мен міндеттемелермен бөлісіп, жіберілген кемшіліктерді атап өтті. 

Облыс прокуроры Х.Дәуешов прокуратура органдарының қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаларда орын алған соңғы өзгерістерді сөз қылып, ендігі кезде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мүддесін, бизнес пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында прокуратураның нақты рөлі айқындалып, күшейтілетіндігін атап өтті.

«Қазіргі таңда, ескі жұмыс әдістері тиімсіз және олар қажетті нәтиже бермейді. Сол себептен, біздер жаңа форматтағы халық пен қоғамның игілігіне бағытталған жаңа прокуратураны қалыптастырамыз», - деп атап өтті облыс прокуроры.

Жобалық менеджменттің рөлі де атап өтілді. Осы жартыжылдықта облыстық прокуратура жобалық менеджмент тәсілдерін кеңінен қолданып, облыстық әкімдікпен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесу арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Қорытындылай келе, облыс прокуроры барлық қызметкерлерге менеджмент әдістерін тиімді қолдана отырып, өздерінің жұмысқа деген кәсіби ынталары мен өрістерін өзгертуді сұрады. Енді, прокурордың атқарған жұмысы сандық көрсеткіштермен емес, халықтың сенімі арқылы бағаланатын болады.

Алқа мәжілісінен кейін барлық қала, аудан және табиғат қорғау прокурорлары Қызылорда қалалық әкімдігінің әкімшілік ғимаратының іргесінде «Құқық қорғау қызметтері орталығының» және облыстық прокуратураның ауласында «Азаматтарды қабылдау орталығының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл объектілер тамыз айында қолданысқа енгізілетін болады.

Осымен шектелмей, олар Қызылорда қаласында жаңадан қосылған полиция бекеттерінің жұмысымен танысты. Аталған бекеттер бұған дейін көпқабатты үйлерде орналасқан полиция бекеттерін ауыстырған.

Бұл бекеттердің басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау жолымен азаматтарды құқық бұзушылықтардан қорғау, олардың көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Осыны ескере келе, облыс прокуроры барлық қала, аудан прокурорларына жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, осындай тектес бекеттерді қадағалау аумақтарында орналастыруды ұсынды.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді - 1772696491
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді - 85650756
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді - 869239795

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.