You are here

«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы - 552500792

Ұлт жоспары және Президет жолдауында құқық қорғау органдарының алдына қойылған тапсырманың бірі - қылмыстық процесті оңтайландыру.

Қойылған талапты іске асыруда Бас прокуратура және ішкі істер органларымен бірлесіп органдарымен бірлесіп, үстіміздегі жылы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында «Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қостық.

Жобаның басты  мақсаты - қылмыстық ізге түсу жұмыстары  ай бойы жүргізіліп, одан іс құжаттарын  прокуратураға жолдап, адамдарды әуреге салмай, олардың бұзылған құқықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіру.

Жоба шеңберінде қалалық прокуратурасының 2-і тәжірибелі прокуроры қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында орналасқан прокурорлар кабинетінде тергеушіге бағыт-бағдар беріп, тергеуі аяқталған іс құжаттарын 1-2 сағат ішінде зерделеп,  дәлелдік негізін анықтап, сотқа жолдануын қамтамасыз етуде.

Жоба жүзеге асырылғалы (15 күн ішінде) қылмыстық теріс қылықтар бойынша 2 күнде, ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар - 10 күн ішінде сотқа жолдануда. Ал, бұрын бұл санаттағы қылмыстық істер 2 ай бойы тергелуді қажет ететін.

Сонымен қатар, 25 қылмыстық іс сотқа жолданып, оның 3-і бойынша сотпен шешімдер қабылданды.

Ең бастысы уақыттың үнемделуі, тергеудің сапасы жақсарды, күдіктілер мен  жәбірленушілер сол жерде прокурорға жүгініп,  талаптарын  тергеу барысында түпкілікті шешуі жобаның тиімділігі болып отыр.

Нәтижесінде өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда тергеу саласы бойынша түскен арыздардың саны 1381-ден 1047-ге немесе 24,2 пайызға азайды.

Сонымен бірге, жоба шеңберінде қалалық ішкі істер Басқармасы ғимаратының 3-ші қабатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған, арнайы әйнек қоршалған жауап алу кабинеттері ашылды. Жауап алу барысынынң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрекеттер бейнекамераға жазылады.

Бұл қылмыстық процестің ашық, заң шеңберінде жүргізіліп, оның барысында заңға қайшы әрекеттердің орын алмауына кепіл бола алады.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы - 473496541
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы - 1117234230
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы - 171500737
«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы - 2066676946

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.