You are here

Аудандық прокуратурамен семинар өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заңсыз балық аулауға қарсы іс-қимыл» жобасы аясында семинар өткізілді.

Семинарға аудан прокуроры Б.А.Тоқмырза мен аудан әкімі М.Оразбаев, Қызылорда облысы бойынша көліктік инспекция, жергілікті полиция қызметі, аудандық кірістер басқармасы, балық инспекциясы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік еңбек инспекторы, Арал қаласы мен кент әкімдері, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, табиғат пайдаланушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған семинардың күн тәртібінде – аудандық прокуратураның «Заңсыз балық аулауға қарсы іс-қимыл» Жобасының жүзеге асырылуы, аудандағы су айдындарында балықтардың заңсыз аулануына жол бермеу бағытында атқарылған шаралар мен  өзекті мәселелері, балық шаруашылығы саласындағы жұмыспен қамтудың және балық шаруашылығындағы салық заңнамаларының сақталу мәселелері қаралып, талқыланды.  

Жобаның негізгі мақсаты ауданда балықтардың заңсыз аулануына жол бермеу, тосқауыл қою, қайықтардың суда жүру заңдылығын қалыптастыру, балық шаруашылығына жұмыссыздықпен тіркелген тұрғындарды қамту және аудандық бюджетке салық төленуін қамтамасыз ету болып табылады.

Жиында аудан прокурорының орынбасары Е.Әмірбеков, Қызылорда облысы бойынша көліктік инспекциясының бөлім басшысы М.Ахметов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Дүйсенов, Арал балық инспекциясының бөлім басшысы Е.Есиркепов және жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Дармағамбетов баяндама жасады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев өз баяндамасында аудандық прокуратураның Жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен табиғат пайдаланушыларына 80 адам адам тұрақты жұмысқа балықшы ретінде қабылданғандығын мәлімдесе, Қызылорда облысы бойынша көліктік инспекциясының бөлім басшысы М.Ахметов су айдындарында жүрген 40 қайық мемлекеттік тіркеуден өтіп заңдастырылғанын және бұл жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Аудан прокуроры Б.Тоқмырза жоба жүзеге асырылғалы біршама оңды нәтижелерге қол жеткізілгенін және осы бағытта жұмыстар әрі қарай қарқынды жалғасын табу қажеттігін атап өтті. 

Аудандық прокуратурамен Жоба аясында арнайы әзірленген «Заңсыз балық аулаудың алдын алу - біріздендірілген электрондық жүйесі» табиғат пайдаланушыларына таныстырылып, олармен қолдау тауып, электрондық жүйе жүзеге асырылған жағдайда жұмыс тиімділігі артатындығын, заңсыз балық аулауды тоқтатуға үлкен септігін тигізетінін білдіріп, өткізілген шараның өзектілігін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.