You are here

«Ашық есік күні» акциясы төңірегінде облыс прокуроры жеке қабылдау өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Ашық есік күні» акциясы төңірегінде облыс прокуроры Х.Дәуешов  Арал және Қазалы аудандық прокуратураларында жеке және заңды тұлғаларға кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Облыс прокурорының жеке қабылдауына барлығы он жеті азамат жазылып, олардың сұрақтары субсидия беру, әлеуметтік көмек көрсету, қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау мәселелері аясында өрбіді.

Қабылдауда болған 17 азаматтың 5-не ауызша заң талаптары түсіндірілсе, 12 азаматтан жазбаша арыздары қабылданып алынды.

Мысалы, Қазалы ауданының тұрғыны, зейнеткер Б.Қ-ның  кәмелет жасына толмаған 2 немересіне төленетін асыраушысынан айырылу жәрдемақысы негізсіз олардың әкесі Б.А-тың  «Kaspi Bank» АҚ-да несиесі болуына байланысты ұстап қалу заңдылығына қатысты шағымы түсіп, қазіргі таңда қаралуда.

Қабылдауда болған азаматтардың басым көпшілігіне еңбек қатынастарынан туындайтын даулар бойынша тікелей сотқа жүгіну құқықтары түсіндірілді.

Азаматтардың уәждерін тыңдаған облыс прокуроры аудан прокурорларына айтылған мәселелерді тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Прокуратура органдарының басшылығымен жүргізілген жеке қабылдаулар азаматтармен оңды бағалануына байланысты бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Аудан тұрғындары мен қабылдауға келушілер прокурорлардың жұмыстарына өз ризашылықтарын білдіріп, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда белсенділік танытып жүргеніне алғыстарын білдірді.  

Бүгінде жеке және заңды тұлғалар өкілдері өздерінің өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта» АҚ, облыс прокуроры блогы, Бас прокуратура сall-орталығы, «электронды үкімет» немесе «115.kz» порталы арқылы немесе прокуратура басшылығымен жүргізілетін жеке қабылдау барысында тапсыра алады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.