You are here

Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол өткізілді - 311943296

Арал аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс күні мерекелеріне орай 5-6 сынып оқушылары арасында дәстүрлі 5-ші футболдан турнир өткізілді.         

Оқушыларды Отансүйгіштікке және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған турнирде 12 командадан 150-ден астам оқушы жарысқа түсті.

Сонымен қатар, аудан әкімі М.Оразбаев пен аудан прокуроры Б.Тоқмырза бұқаралық спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында қарым-қатынасты нығайту және балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылып отырған турнирдің маңызы зор екендігін білдіре отырып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Бұл шараға аудандағы барлық мектеп директорлары белсенді қатысып, өз шәкірттеріне қолдауларын білдірді.

Екі күнге созылған жарыста №220 мектептуің командасы І орынды иеленсе, ІІ және ІІІ орынды №83 мектеп пен №177 мектеп командасы өзара бөлісті.

№177 мектеп оқушысы Құдайберген Саят «Үздік ойыншы» номинациясын, №220 мектеп оқушысы Данабек Тыныштықов «мерген шабуылшы», №83 мектеп оқушысы Нұрсейіт Әлиев «үздік қорғаушы», ал №87 мектеп оқушысы Мейрамбек Жақсылықов «үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.

Турнирге қатысқан барлық командаларға футбол доптары табысталса, жеңімпаздары мадақтама, медаль және кубоктармен марапатталды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол өткізілді - 1734170952
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол өткізілді - 1512363914
Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол өткізілді - 1899589772

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.