You are here

Арал аудандық прокуратурасы заңсыз қаулылардың күшін жойды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Арал аудандық прокуратурасына жеке кәсіпкер А.Жалғасбаев аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен  мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациясын уақытылы тапсырмағаны үшін оған айыппұлды заңсыз салғанын жеткізіп, тиісті шара қолдану туралы шағымданды.

Әкімшілік іс құжаттарын зерделеу барасында істі қараған лауазымды тұлғаның жеке кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 281-бабының 2-бөлігімен (осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттері үшін) 212100 тенгеден екі рет, яғни 424200 теңгеге негізсіз әкімшілік айыппұл салғаны анықталды.

15.02.2017 жылы аудандық прокуратурамен орын заңдылықты бұзушылықтарды жою үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына  наразылық келтірілді. Нәтижесінде, әкімшілік іс бойынша заңсыз қаулылардың күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, орын алған заң бұзушылықтарға сәйкес аудандық прокуратурамен 07.03.2017 жылы заңдылықты бұзушылықтарды және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізіліп, басқарманың бас маманы А.Агибаев «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.