You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Қызылорда облысының прокуроры Президенттік резервтегі қызметкерлерге лекция оқыды

Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов Ұлттық қорғаныс Университетінің қабырғасында құқық қорғау органдарының Академиясымен ұйымдастырылған 1-дәрежедегі Президенттік резервтің тындаушыларына «Жобалық менеджмент дегеніміз не?» тақырыбында  лекция оқыды.

Облыс прокуроры тындаушыларға жобалық басқару бойынша өзінің көзқарасын, оның тиімді тұстарын, Қызылорда облысы прокуратура органдарының жетістіктерін, жобалық менеджмент қағидаттарымен жүзеге асырылған және әзірленіп жатқан жобалардың нәтижелерін атап өтті.

Пікірлер саны: 0

Жаңақорған ауданында шыны полиция бекеті өз жұмысын бастады

Қызылорда облыстық прокуратурасы жобалық менеджмент принциптеріне бойынша әзірленген «Полиция халыққа жақын» жобасын жыл басынан бері жүзеге асырып келеді.

Жобаның мақсаты – учаскелік полиция бекеттерін  көп қабатты үйлерден қоғамдық орындарға және қылмыс жиі орын алатын жерлерге орналастыру.

Осындай 8 бекет Қызылорда қаласында орналастырылса, қалған 7-і аяқталу сатысында.

Облыс орталығындағы осы тектес жұмыстар аудандардар да жүргізіліп жатқанын атап өту керек.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысында «Кедергісіз келешек» атты сайт ашылды

Ағымдағы жылдың басынан бастап, Қызылорда облыстық п

Пікірлер саны: 0

Қызылорданың прокуратурасы, соты және ІІБ-сы үш жақты меморандум жасасты

Қызылорда қалалық прокуратурасы, №2 қалалық соты және қалалық ішкі істер басқармасымен қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
 
Меморандум шеңберінде тараптар қылмыстық теріс қылықтарды 1 тәулік ішінде, ал жеңілдетілген іс жүргізу және процестік келісім тәртібінде аяқталған істерді 7 тәулік ішінде сотта қарап, аяқтау туралы келісімге келді.
 
Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысында ақыл-есі дұрыс емес тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Облыстық прокуратурамен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен бірлесіп «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасы аясында ақыл-есі дұрыс емес тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тарту деректері анықталды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылы туралы кодексінің 29-бабына сәйкес ақыл-есi дұрыс емес тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысының процессуалдық прокурорлары жаңа айыптау актісін жасауда

Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Процессуалдық прокурор» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаның мақсаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы прокурорлардың рөлін арттыру.

Жоба аясында, ауыр және аса ауыр санатындағы барлық қылмыстық істер бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды.

Жобаның орындалуының бірінші аптасында (а.ж. 03 қазаннан бастап) Қызылорда облыстық прокуратурасының процессуалдық прокурорларымен 5 жаңа айыптау актілері жасалды.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облыстық прокуратурасымен 6 мыңнан астам мүгедектердің құқықтары қорғалды

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында арнайы жоба әзірленген.

Жыл басынан бастап, аталған жобаның аясында Сыр өңірінің 6 мыңнан астам тұрғындары көмек алса, бала бақшаларда 130 мектеп жасына толмаған балаларға 15 инклюзивті топтар ашылды.

Жоба аясында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов, облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким және басқа да уәкілетті органдардың басшылары «Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» мүгедектермен кездесу өткізді.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты

Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты.
 
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Белгород делагациясының өкілдерін шақыру арқылы өткізілген екі күндік семинар жобалық басқарудың құралдарымен танысуға мүмкіндік берді. Семинарды Белгород облысы губернаторының орынбасары Павлова Ольга Альбертовна жүргізді. 
 
Пікірлер саны: 0

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

ҚР Бас Прокурорының 5 қазан 2017 жылғы бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып Алибаев Талғат Айтбайұлы тағайындалды.

Бұл қызметке дейін Т.А.Алибаев Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Т.А.Алибаев 1977 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Пікірлер саны: 0

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен соттарда тиімді өкілдік ету диалог алаңы ашылды

Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Мемлекеттік ұйымдардың заң бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

Отырыстың басым бағыты ретінде мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулар бойынша тәжірибелік кеңестер беру белгіленді. Себебі, жергілікті экономикалық сотпен қаралатын істердің басым көпшілігін құқықтық қатынастардың осы саласында туындаған даулар құрайды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.