You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 37877
    Дата: 05.12.2017 15:02:55
    Аты-жөні: Маханов Болат
    Сұрақ:
    Мен Маханов Болат Кенесулы 29 шилде айында жумыста журип колымнан ауыр жаракат алдым сол колымнын 2-3 ши саусагымнын 1 буыннан кесип алып тастады. Маган уаде берип емдетемиз комек тесемиз деди содан сон олардын бастыгы ауысып кетти 2 ай ем алган сон жумыска шыктым ем алып демалып жатканда сенин айлыгын журе береди аландамай ем ал деп уаде берген али сол 2 ай айлыгымды бермеди. Мен не истей аламын мен казир согылып жаткан цемент заводта жумыска кайта киристим бирак олар уаде де турмады.Маган комектесуди сураймын. Шиели ауданында согылып жаткан цемент завод.
    Жауап күні:
    8 желтоқсан, 2017 - 09:31
    Жауап:
    Құрметті Болат Кеңесұлы! Сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылғандығы туралы өтінішіңіз құзыреттілігі шегінде қарау үшін Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына және Шиелі аудандық ішкі істер бөліміне жолданды. Нәтижесі аталған органдармен хабарланады. Ә. Зейнулла орынд. Е.Килибаев тел.4-44-80
  • Сұрақ №: 37874
    Дата: 05.12.2017 14:07:43
    Аты-жөні: Абдуллаева Жанар
    Сұрақ:
    Мен Абдуллаева Жанар Жақсылыққызы , 22 март 1979 жылы Қызылорда қаласында туылған. Менің үстімнен атқарушылық өндірісте іс қозғалды, ол Атқарушылық құжатты берген орган Қызылорда қалалық соты Атқарушылық өндірістің нөмірі 5464-15-43-1322 Департаменттің атауы «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Аумақтық органның атауы "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қызылорда қаласы жеке және заңды тұлғалардан өндіру бойынша аумақтық бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің сот актілерін орындау бойынша филиалы Сот орындаушысы: Диана Шушаева Канатовна Өндіріп алушы: Борыш сомасы: 4061071 Бұл жерде БТА Банктен қазіргі Казкомерцбанктен алынған сома 2030536 / Екі миллион отыз мың бес жүз отыз алты / тенге. Ал сот орындаушы Шушаева Д оны екі есе көбейтіп отыр. Яғни 2 036 536 х 2 1 ақпан 2016 Сіздің үстіңізден іс қозғалды, ол атқарушылық өндірісте Атқарушылық құжатты берген орган қ.ҚЫЗЫЛОРДА соты Атқарушылық өндірістің нөмірі 10/16-43-944 Департаменттің атауы «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Аумақтық органның атауы Жеке сот орындаушылар Сот орындаушысы: Кайрат Копжасаров Манатбекович Өндіріп алушы: Борыш сомасы: 2030536 Мен жеке сот орындаушыға Көпжасаров К.М - 15 пайызын, қалған 35 пайызын бюро по кредитам деген мекемеге төлеп отырмын. 3 ақпан 2017 Сіздің үстіңізден іс қозғалды, ол атқарушылық өндірісте Атқарушылық құжатты берген орган қ.ҚЫЗЫЛОРДА соты Атқарушылық өндірістің нөмірі 49/17-43-871 Департаменттің атауы «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Аумақтық органның атауы Жеке сот орындаушылар Сот орындаушысы: Нурымжан Саймов Даутбекович Өндіріп алушы: Борыш сомасы: 2030536 Мен сонда Саймов Н төлеуім қажет па. Жоқ ол істі отозвать ету керек. Осы жоғарыда көрсетілген жәйтар бойынша бір іс бойынша бір сот орындаушы болу керек-біріншіден, қарыз сомасы 2 030 536 тенге-екіншіден. Бұл менің жеке досьем бойынша, қалған мен сияқты борышкерлерде не болып жатыр екен деген сұрақ туындайды. Маған түпкілікті не істеу керектігін айтып түсіндіріп беретін адам бар ма. Мынау масқара ғой. Неге қарыз сомасы банктен алынған қарыздан немесе сот шешімінен алынбайды. Мен мүмкін прокуратура арыздануым қажет шығар. Солай Е дог-та 2 036 536+2 036 536+4 061 071=8 134 143,00 тенге қарыз деп көрсетіліп тура беру дұрыс емес. Мүмкін сот оындаушыларға жұмыстарын дұрыс істей алмайтындығына шара қолдану керек.
    Жауап күні:
    8 желтоқсан, 2017 - 21:20
    Жауап:
    Қызылорда облысының әділет департаментінің басшысы Қ.Е.Сапаровқа Ж.Ж.Абдуллаеваға Жұлдыз көшесі, №25 үй, Аль-Фараби мөлтек ауданы, Кызылорда қаласы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес, азаматша Ж.Абдуллаеваның мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне қатысты жазған арызы жолданады. Осыған байланысты, арызда көрсетілген уәждерді толық, объективті және жан-жақты қарап, нәтижесімен қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген мерзімде арыз иесіне хабарлау сұралады. Ж.Абдуллаеваға келесіні түсіндіреміз. 30.06.2017 жылғы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6,7,21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар, осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтар кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сәйкес, Сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін. Тіркелді: арыз электронды форматта «1» парақта. Қызылорда қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі М. Досмағанбетов Орынд. Р.Бакбергенов Тел. 24-75-87
  • Сұрақ №: 37719
    Дата: 30.11.2017 12:18:46
    Аты-жөні: Бисенбай Әйгерім
    Сұрақ:
    Әкем Қожабай Бисенбайұлы Әбдиев 2016 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда қаласындағы шыны зауытына жұмысқа кірген болатын. Сол кезде, шыны зауыты ТОО Шымкентхиммонтажға қарап жұмыс жүргізілгенімен айлық жалақысын ай сайын бермей, әйтеуір созып берілген болатын. Сонымен, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап жоғарыда отырған шенеуніктердің кесірінен (мыс) жұмыс тоқтатылды. Өзіңіз білетіндей, жұмыс зауыт қаражаты желінген деген себеппен тоқтатылған болатын. Сонымен, шенеуніктердің кесірінен қаншама азамат жұмыссыз қалып, еңбекпен тауып жатқан нәпәқасынан айырылған жағдай бар. Сұрақ? Неге өзге біреудің, яғни өз қарындарын тойдырған азаматтардың кесірінен жұмыссыз қалу қажет? Жарайды 1 жыл көлемінде жұмыссыз отырды, сіз ойлап қалмаңыз басқа жұмыста іздедік жұмыс табу оңай емес қазіргі таңда. Сонымен, 2017 жылдың қыркүйек айының соңында жұмыс қайтадан басталады деген қуанышты хабар соңы да көпке ұзамады. Шыны зауыты Қызылорда қаласының жылу электр орталығына қарап 2 ай жұмыс жасалды.2 ай жұмысқа барып міне тағыда жұмыс тоқтатылып отыр (белгісіз себеппен). Және тағы мәселе 2 айдың айлығын әлі толық берілмеді. Мен өзім жеке жұмыс орнына телефон шалып сұрадым, берілген жауап басшылары өзгеріп жатыр сол себепті айлық берілмей және сол себепті жұмыс тоқтатылып отыр дейді.Басшының өзгергені жалақыға жұмыс тоқтауына неге себеп болуы тиіс. Сізге қояр нақты сұрағым 2017 жылдың қазан, қараша айларындағы шыны зауытындағы еңбек ақысын алып беру?
    Жауап күні:
    2017-12-06
    Жауап:
    Ә.Қ.Бисенбайға Құрметті Әйгерім Қожабайқызы! Сіздің айлық жалақыңызды өндіру туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған өтінішіңіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына жолданды. Нәтижесі Сізге аталған басқармамен жауап беріледі. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Х. Дәуешов орын.А.Сыздыков тел.272896
  • Сұрақ №: 36843
    Дата: 10.11.2017 11:24:29
    Аты-жөні: Баймаханов Нұржан
    Сұрақ:
    Құрметті Досмаганбетов Мурат, мен Баймаханов Нұржан Досболұлы Қызылорда қаласының тұрғыны, ЖСН 840 204 301 636, 2017 жылдың 1 қарашасында яғни 01.11.2017 жылы, мені жол потрульдік қызметкерлері авто көлігіммен жұмысыма бара жатқанда тоқтатқан болатын, тоқтатқан себебімді сұрағанда жылдамдығымды арттырығанымды түсіндірді, құқықтарымды түсіндіремеді, хаттамамен таныстырған жоқ, хаттамаға қол қойдырған жоқ, сөйтіп мені жүре беріңіз деп шығарып салды. Енді бүгін жұмыста отырғанымда, жұмысымның кадр бөлімінен мамандар Е-қызмет порталынан сыртымнан хаттама толтырғанын көрсетті, сонда мені 01.11.2017 жылы жол потрульдік қызметкерлері сыртымнан хаттама толытырып жібергені ма? протоколдың номері № 174 310 233 052 128, осыған сізден толыққанды тексеріп беруіңізді, толтырылған хаттама заңды ма заңсызба анықтап беруіңізді сұраймын! тел: 8-747-739-79-42.
    Жауап күні:
    14 қараша, 2017 - 18:50
    Жауап:
    Қызылорда облысының әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А. Ахметовке Н.Д. Баймахановқа Қызылорда қаласы 8-747-739-79-42 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 12 баптарына сәйкес, Н.Д. Баймахановтың жергілікті полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы арызы жолданады. Арызды қарау қорытындысы мен қабылданған шешім туралы арыз иесіне және қалалық прокуратураға заңда белгіленген мерзімде хабарлау сұралады. Н.Д. Баймахановқа келесіні түсіндіреміз. 30.06.2017 жылғы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Осы заңның 6, 7, 21-баптары бойынша, прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар, осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіндезаңдылықты бұзушылықтарғажол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сәйкес, Сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Қосымша: мәтін бойынша «1» парақта. Қала прокуроры аға әділет кеңесшісі М. Досмағамбетов Орынд. Б.Жанадилов Тел. 24-75-86
  • Сұрақ №: 36842
    Дата: 10.11.2017 11:18:59
    Аты-жөні: Баймаханов Нұржан
    Сұрақ:
    Құрметті Халидулла Зиноллаулы, мен Баймаханов Нуржан Досболович Қызылорда қаласының тұрғыны, ЖСН 840 204 301 636, 2017 жылдың 1 қарашасында яғни 01.11.2017 жылы, мені жол потрульдік қызметкерлері авто көлігіммен жұмысыма бара жатқанда тоқтатқан болатын, тоқтатқан себебімді сұрағанда жылдамдығымды арттырығанымды түсіндірді, құқықтарымды түсіндіремеді, хаттамамен таныстырған жоқ, хаттамаға қол қойдырған жоқ, сөйтіп мені жүре беріңіз деп шығарып салды. Енді бүгін жұмыста отырғанымда, жұмысымның кадр бөлімінен мамандар Е-қызмет порталынан сыртымнан хаттама толтырғанын көрсетті, сонда мені 01.11.2017 жылы жол потрульдік қызметкерлері сыртымнан хаттама толытырып жібергені ма? протоколдың номері № 174 310 233 052 128, осыған сізден толыққанды тексеріп беруіңізді, толтырылған хаттама заңды ма заңсызба анықтап беруіңізді сұраймын! тел: 8-747-739-79-42.
    Жауап күні:
    2017-11-13
    Жауап:
    Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Б. Мұхитовқа Н.Д. Баймахановқа «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының тұрғыны Н.Баймахановтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 115-электрондық порталы арқылы түскен, жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты арызы жолданады. Нәтижесін арыз иесіне және облыстық прокуратураға заңда белгіленген мерзім ішінде хабарлау сұралады. Арызданушы Н.Баймахановқа келесіні түсіндіреміз. 30.06.2017ж. Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңына сәйкес, прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7, 21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы келесі санаттағы тұлғаларға қатысты өтініштерді ғана қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар, аталған санаттағы тұлғаларға қатысты өтініштер тек келесі жағдайда қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер шиеленісі; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сәйкес, Сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Қосымша: арыз 1 парақта (бірінші және екінші мекен-жайға). Қызылорда облысының прокуроры Х.З. Дәуешов орынд.: С. Тастанов тел.: 8(7242)27-78-57

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.